РАНТ мүшелері –  «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына сұхбат берді 2937

РАНТ мүшелері – «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына сұхбат берді

20 қыркүйек 2023 247 Оқу 1 минут

РАНТ мүшесі, Алматы қаласындағы «Орбита – 3» мешітінің бас имамы Дастан қари Құрманбаев пен РАНТ мүшесі, Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла-Тарази» мешітінің наиб имамы Нұралы Бақытұлы ҚМДБ-ның төл телеарнасы «Мұнара» телеарнасындағы «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасында қонақ болды.

Дастан Құрманбаев «Үйде неге ұрыс көп? \ Отбасы. Неке. Ажырасу», ал Нұралы Бақытұлы «Тәңіршілдік ­– Тәңірсіздік» тақырыбында сүбелі сұхбат берді.

«Орбита – 3» мешітінің бас имамының сұхбатын көру үшін https://www.youtube.com/watch?v=1EF61uvsUSg

Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла-Тарази» мешітінің наиб имамының сұхбатын осы жұма «Мұнара» арнасынан көре аласыздар. Одан өзге аталған телеарнаның «Келелі отырыс» подкаст жобасында «Дәстүрлі дін адасушылық па?» тақырыбында дін мен дәстүр аясын жіті түсіндіріп өтті.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі