«Тіл кесапаты мен жүрек тәрбиесі» дәрісі жүргізілді
Шәкірттерге «Тіл кесапаты мен жүрек тәрбиесі. «Хумаза» сүресінің тәпсірі» атты уағыз-насихат ұйымдастырылды
Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұстазы Анар Қойшығұлованың ұйымдастыруымен әйел жамағатқа арналған жексенбілік уағыз-насихат өткізілді . Бұл шараға барлығы 48 шәкірт қатысты.
Кездесу барысында Қасиетті Құрандағы «Хумаза» сүресі оқылып, оның тәпсірі кеңінен түсіндірілді. Әсіресе сүреде көтерілген ғайбат айту, жала жабу, жалған сөз тарату, тәкаппарлық, өзімшілдік, дүниеқоңыздық және мал-мүлікке шектен тыс құмарлық секілді жүрек дерттерінің адам өміріне тигізер зияны туралы насихат айтылды.
Сонымен қатар ислам дінінің адамды көркем мінезге, өзгеге пайдалы болуға, ризығын бөлісуге, риядан аулақ болып, ақыретке сеніммен қарауға үндейтін тағылымдары түсіндірілді.
Уағыз барысында тіл тәрбиесінің маңыздылығы мен жүректі рухани тұрғыдан тазартудың жолдары кеңінен сөз болды.
Шара соңында қатысушылармен сұрақ-жауап ұйымдастырылып, дастархан басында еркін пікір алмасу өтті.









































