Ихсан ілімі насихатталды 748

Ихсан ілімі насихатталды

21 тамыз 2021 98 Оқу 1 минут

Шалқар ауданы «Бегімбет» ауылдық мешітінің жамағатына  ихсан ілімі аясында уағыз-насихат жүргізілді. 

Шара барысында Айшуақ ауылының бас имамы Нұрдәулет Әуезов ихсан ілімі бойынша Құран Кәрімдегі екі өмірде де асыл мақсат-мұраттарына жететін нағыз мұсылмандардың бірқатар сипаттары баяндалған «Әл-Муминун» сүресінің бастапқы аяттарын тәпсірлеп, жиналған ауыл жастарына уағыз-насихат айтты.

Сондай-ақ Бас имам: «нағыз мұсылман адам – Алланың бұйырған парыздарына берік болып, тыйған тыйымдарынан бойын аулақ ұстайтындығын, бос, пайдасыз істерден аулақ болып, өзіне сеніп тапсырылған аманат пен міндеттерге асқан жауапкершілікпен қарап, берген уәдесіне берік болатынды», - дей келе осы қағидаларды ұстанса, мұсылмандар екі өмірде де мақсат-мұраттарына жететіндігін баяндап өтті.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі