Нұралы Бақытұлы жазасын өтеушілермен кездесті 2935

Нұралы Бақытұлы жазасын өтеушілермен кездесті

20 қыркүйек 2023 267 Оқу 1 минут

ҚМДБ «Діни оңалту» бөлімінің 2023 арналған жұмыс жоспарына сәйкес, әр облыс арасында маман алмасып, «Жат ағымның алдын алуға» бағытталған 15 күндік іс-сапарлар жоспары аясында РАНТ мүшесі, Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла-Тарази» мешітінің наиб имамы Нұралы Бақытұлы Ақтөбе қаласындағы №8-ші түзеу мекемесінде жазасын өтеушілермен жалпы кездесу өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Әрбір адам баласы қашан да жақсылықты үміт етеді Пенде «мен қателік жасадым, енді болашағым бұлыңғыр» деп үмітсіздікке салынбау керек. Керісінше, келешегі жақсы болатынына үміт артып, жақсылығын күту қажет. Сіздерді қоғамға сіңісіп, елге қызмет етуге, Діни басқарманың бекіткен пәтуаларына бойсұнуға, имамдардың уағыз-насихатын тыңдауға және соған амал етуге шақырамын»- деді РАНТ мүшесі.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі