Имамдарға арналған семинар өтті 1076

Имамдарға арналған семинар өтті

09 қараша 2021 120 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен имамдармен мен теологтарға және психологтарға арналған «ДД ұстанушы азаматтарды оңалту және қазақ қоғамының құндылықтарына бейімдеу жолдары" тақырыбында онлайн семинар өтті. Оған қала және аудан имамдары қатысты.

Семинар барысында жалпы және жеке кездесу мәселесі қарастырылды. Сонымен қатар алдағы уақытта жалпы кездесу ұйымдастыруға байланысты әдістемелік құралдарға тоқталды.

Одан өзге ұйымдастырушыларға имамдар тарапынан жат ағыммен күресу жолдарындағы механизмге байланысты сұрақтар қойып, жеке сұхбат құрудағы адамның психологиялық жай-күйін ескеру, жалпы не жеке болса да мәміле, қарым-қатыныс орнату мәселесіндегі ерекше тәсілдерді қолдану туралы ұсыныстарын атап өтті.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі