Жеңімпаз қарилар БАҚ өкілдеріне сұхбат берді 959

Жеңімпаз қарилар БАҚ өкілдеріне сұхбат берді

15 қазан 2021 160 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Х республикалық «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу» байқауында ІІ орын (20 пара бойынша)алған Хабибулла Раушан мен (толық Құраннан) V орынға ие болған Бекзат Тасболатов қарилардан БАҚ өкілдері сұхбат алды.

Атап айтсақ, қарилардан «Ақтөбе» газеті мен «Aqtobe» телеарнасының тілшілері екі күнге созылған доданың маңыздылығын сұрап, жүлдегер болу жолындағы табандылық пен қажырлы қайраттық қалай танытуға болатындығын сұрады. Сонымен қатар Құран жаттаудың арнайы әдіснамаларымен бөліссеңіздер деген сауалдарын да қойды.

Ал «Рика» телеарнасы қариларды дүйсенбі күні «Сөзіңіз аузыңызда» бағдарламасына арнайы қонақ ретінде шақырды.

Еске алсақ, Әлия Молдағұлова атындағы әуежайдан Х республикалық Құран байқауына қатысқан қариларды күтіп алу шарасына өзгеде БАҚ өкілдері келіп, жеңімпаздар мен қатысушы қарилармен сұхбаттасты.

Ақпараттық қолдау білдірген БАҚ өкілдеріне алғысымызды білдіреміз!

 

 


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі