РАНТ мүшесі «Ихсан тұңғиықтары» тақырыбында дәріс оқыды 865

РАНТ мүшесі «Ихсан тұңғиықтары» тақырыбында дәріс оқыды

22 қыркүйек 2021 114 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе қаласына жұмыс сапарымен барған РАНТ мүшесі, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы, «Muslim.kz» ақпараттық, рухани-ағарту порталының (орыс бөлімі) редакторы Мақсатбек Қайырғалиев «Ақтөбе» медресе-колледжінің шәкірттерімен кездесіп, «Ихсан тұңғиықтары» тақырыбында дәріс оқыды.

Кездесу барысында РАНТ мүшесі адам өміріндегі білімнің маңыздылығын айтып, ілім алудағы ескеру керек деген негізгі факторларына тоқталды.

Одан өзге дәрісте: «Ислам – ілімнің қайнар көзі» дей келе, ілім жолында көзі ашық азаматтар ретінде жаңашыл ойлап, ұлттық сананы жаңғыртуда, бәсекелестікке қабілеттілікті арттыру, ұлттық бірегейлікті және ұлтаралық татулықты сақтау ерекше үлес қосатындығын ескеруіміз және оған баршамыз үлес қосуды қағида ретінде ұмытпауымыз керек деп ерекше атап өтті.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі