26 Шәууәл
«АРАҚСЫЗ РАМАЗАН» АКЦИЯСЫ: ОЙЫЛДА 7 ДҮКЕН АРАҚ САТУДАН БАС ТАРТТЫ 4328

«АРАҚСЫЗ РАМАЗАН» АКЦИЯСЫ: ОЙЫЛДА 7 ДҮКЕН АРАҚ САТУДАН БАС ТАРТТЫ

15 наурыз 2025 222 Оқу 1 минут

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің Рамазан айындағы үндеуі негізінде қасиетті айда Ойыл аудандық мешітінің бас имамы Бақжарық Қызырдың ұйымдастырумен жергілікті полиция қызыметкерлерімен бірлесе дүкен иелерімен кездесіп, арақ-шарап сатудан бас тартуға шақырды.

Игі шара барысында 10-ға жуық дүкен иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Имамдар кәсіпкерлерді қасиетті айда ішімдік өнімдерден бас тартып, оның орнына халыққа пайдалы шырындар мен азық-түлік ұсынуға үндеу жасалды.

Кездесу барысында 7 дүкен иелері бұл бастаманы қолдап, Рамазан айында арақ-шарап дүкен сөрелерінен алып тастады.Өз кезегінде дін қызметкерлері адал кәсіптің берекесі мол болатынын ескертіп, жақсылыққа бастайтын кез келген амалдың сауабы еселеніп жазылатынын атап өтті.

Бұл бастама қасиетті Рамазан айында қоғамда рухани тазалықты арттыруға, сауапты істерге ынталандыруға бағытталды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі