Ақтөбе: Шәкірттер ұстаздарға алғысын білдірді 1378

Ақтөбе: Шәкірттер ұстаздарға алғысын білдірді

01 наурыз 2022 313 Оқу 1 минут

Бүгін 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде шәкірттер ұстаздар мен мешіт қызметкерлеріне мерекелік шара ұйымдастырып,  мерекелік дастархан жайды.

Шара барысында ұстаздың ақысы мен қоғамдағы мәртебесін айтып, авторлық өлең шумақтарын арнады.

Сонымен қатар мешіт қызметкерлеріне ерекше алғысын білдірді.

Одан өзге жамағат пен ұстаздар және қызметкерлерді қамтыған түрлі ойындар ұйымдастырылып, нығметтің маңыздылығы сөз болды.

Іс-шара қортындысында шәкірттер ұлағатты ұстаздары мен Алланың үйінде қызмет ететін нәзік жандыларға сыйлық тарту етті.

Ал ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Ақтөбе облысындағы жетекшісі Кенжегүл Кошкарова ұйымдастырушыларға алғысын айтып, ұстаздар мен қызметкерлер тарапынан арнайы кәде сый табыстады.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі