Мұқтаждарға 1 миллион теңге зекет берілді
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе облысы бойынша жауапты маманы Алмат Әлидің ұйымдастыруымен «Қолдан-қолға» акциясы аясында Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітіне келіп өтініш білдірген мұқтаж 10 отбасыға 100 мың теңгеден жалпы сомасы 1 миллион теңге қаражат зекет ретінде үлестірілді. Имамдар исламдағы зекеттің орнын айтып, мұқтаждарға береке тіледі. Сонымен қатар зекет беріп, жомарттық көрсеткен азаматтарға Алланың разылығын тілеп, кәсіптеріне жеміс тіледі.