Ақтөбе: «Қайырымды жұма» акциясы ұйымдастырылды 3095

Ақтөбе: «Қайырымды жұма» акциясы ұйымдастырылды

06 қараша 2023 1074 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінде «Қайырымды жұма» акциясы аясында қайырымдылық шарасы өтті.

Атап айтқанда өңірлік жомарт кәсіпкер азамат әлеуметтік жағдайы төмен, көмекке мұқтаж отбасы мүшелеріне 70 дана күзгі пальто табыс етті.

Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с): « Кімде-кім мұсылман бауырының мұң-мұқтажын өтеп берсе, Алла тағала ол адамның мұқтаждығын өзі өтеп береді,»- деген хадисіне амал еткен қайырымды азаматтардың қоғам алдындп атқарып жатқан игі әрекеттері көпке үлгі.

Осы орайда ізгі істің бастамашысы болып, аты-жөнін атамауды өтінген кәсіпкер жанның отбасына амандық, деніне саулық пен кәсібіне береке тілейміз.

Одан өзге де құлшылық ордасының әр шарасына атсалысып, барынша қолдау білдіріп жүрген тұлғаларға ерекше алғыс білдіреміз!


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі