Құран Кәрімді толық жаттағаны үшін марапатталды 2200

Құран Кәрімді толық жаттағаны үшін марапатталды

22 қазан 2022 123 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы “Әс-Сәләм” қайырымдылық мекемесінің қарилық бөлімінде ұстаз Мұсаев Абдрахман қаридың жетекшілігімен Құран Кәрімді толық жаттап бітіргені үшін Ислам Орынбасарұлына облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлының атынан сертификат табыс етілді. 

Сонымен қатар Ислам Калбаевқа мекеме атынан самсунг смартфоны, смарт сағат пен Bluetooth құлаққап сыйға берілді.

Игі шара барысында облыстың Бас имамының ізгі тілегі мен алғысын жеткізген облыстық мешіттің наиб имамы Мұхамедисмаил Шадман Мәуліт кешінің маңызы мен Құран жаттаудың қасиеті туралы насихат айтты.

Кеш соңында мекеме директоры Сұңғат Саметов  Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ғұмыр тарихынан сыр шертіп, мәуліт қиссасын оқыды.

Аталған рухани шараға қатысқан жас қаридың әкесі мекеме ұжымына ізгі тілегін білдіріп, ұстаздар мен жанашырларына алғысын айтты.

Одан өзге берекелі кешке қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, ризашылығын білдірсе, ақсақалдар ақ батасын берді.

Ақтөбе облыстық орталық "Нұр Ғасыр" мешітінің баспасөз қызметі