РАНТ мүшесі  іс-сапармен Астана қаласына барды 2201

РАНТ мүшесі іс-сапармен Астана қаласына барды

22 қазан 2022 80 Оқу 1 минут

РАНТ мүшесі, Ақтөбе қаласының Бас имамы Нұрлыбек Күзенбаев Астана қаласына  іс-сапармен барды.

Сапар барысында РАНТ мүшесі жергілікті жамағатпен жүздесіп, білім ордаларында түрлі тақырыптар аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Аталған іс-сапар мектеп оқушыларымен кездесуден басталып, жеткіншектерге  «Тәрбие-білім негізі» тақырыбы аясында насихат айтылып, оқушылар тарапынан қойылған сауалдар негізінде тақырыпқа терең талдау жасалды. 

Сондай-ақ «Астана» медресе-колледжінің шәкірттерімен кездесіп, «Білім алудың пайдасы»  тақырыбында ой қозғаған Нұрлыбек Шакизадаұлы жастарға ілім жолындағы қадамның маңыздылығын түсіндіріп өтті. 

Одан өзге РАНТ мүшесі «Ақ мешіт» мешітіндегі  бейсенбілік ауызашар дастарханында  «Иман мен амалдың арақатынасы және амалдың маңыздылығы» туралы және «Райса ана» мешітінде «Жүрек дерттері» туралы насихат айтып, пенде әрдайым Алланың бақылауында екендігін естен шығармай, ішкі ниетті үнемі тазалап отыру қажеттігін  баса айтты. 

Сапар қортындысында «Ақ мешіт»  мешітінде жиналған жамағатқа Алла Тағаланың жалғыздығы, ұлықтығы жайлы жұма уағызын өткізді.

Ақтөбе облыстық "Нұр Ғасыр" мешітінің баспасөз қызметі