Қырғызстан мүфтиі көңіл айту жеделхатын жолдады 759

Қырғызстан мүфтиі көңіл айту жеделхатын жолдады

27 тамыз 2021 131 Оқу 1 минут

Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Замир Ракиев Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандарға байланысты көңіл айтып, жеделхат жолдады.

«Жамбыл облысы Байзақ ауданының әскери бөліміндегі жарылыстан қаза болғандардың үй-ішіне, жақындарына қырғыз елінің және өз атымнан көңіл айтам. Бұл суық хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Қайғылы оқиғаның кесапатынан Алла Тағала өзі сақтап, жеңілдігін берсін! Зардап шеккен жандарға, жалпы Қазақ еліне есендік пен сабыр тілейміз. Орны толмас қайғыларыңызға ортақпыз» деп лебіз білдірілген жеделхатта.