#Рамазан2026: Облыстық мешітте 2000 адамға ауызашар берілді 5985

#Рамазан2026: Облыстық мешітте 2000 адамға ауызашар берілді

25 ақпан 2026 55 Оқу 1 минут

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің Рамазан айындағы жоспарына сай Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиевтің бастамамасымен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің асханасында 7 күнде 2000 адамға ауызашар берілді. 

Сауабы мол игі шарада мешіт имамдары мен ұстаздары жамағатқа «Рамазан айының қадір-қасиеті» тақырыбында уағыз-насихат айтып, ораза ұстаушының алатын сауабы туралы түсіндіріп өтті.

Ауызашар 20 наурызға дейін беріледі.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі