Ақтөбе: «Жылулық сыйла» қайырымдылық акциясы аясында 56 отбасыға көмек берілді 2366

Ақтөбе: «Жылулық сыйла» қайырымдылық акциясы аясында 56 отбасыға көмек берілді

27 қаңтар 2023 91 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының «Жылулық сыйла» қайырымдылық акциясы аясында облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті, Ақтөбе қалалық орталық мешіті және Ақтөбе қаласындағы «Қайырқожа» мешітінің ұйымдастыруымен 770 000 теңгеге 56 отбасыға 35 тонна көмір таратылды. 

Шараның басты мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен және мұқтаж отбасыларды отынмен қамтамасыз ету.

«Аталған отбасыларға қаһарлы қыста көмір алудың өзі мұң. Сондықтан да осындай жандарға жәрдем етіп, қоғамның жылуын сыйлау басты міндет.

Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кімде-кім мұсылман бауырының қажетін өтесе, Алла Тағала ол адамның қажетін өтейді»,-деген. Қиын сәтте қоғамдағы әрбір жанның көмегіне жарау – барша мұсылман баласының негізгі миссиясының бірі»,-деді мешіт имамдары.

Қайырымдылық акциясына атсалысқан барша азаматтарға Алла Тағала разы болып, кәсіптеріне береке бергей!


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі