Құранға қадам: «Нұр» мешітінде тәж кигізу рәсімі өтті 5891

Құранға қадам: «Нұр» мешітінде тәж кигізу рәсімі өтті

06 ақпан 2026 16 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Құранға түскен қыз-келіншектерге арналған тәж кигізу рәсімі өтті. Сонымен қатар Алланың кәламын танып-білуге талпынып жүрген аруларға аудандық әйел-қыздар секторының жетекшісі, ұстаз Гүлсара Әлібекқызы арнайы сертификаттар табыс етті.

Шара барысында танымдық-зияткерлік ойындар ұйымдастырылып, әйел жамағатының ауызбіршілігін нығайтуға бағытталған рухани әңгімелер де айтылды.