«Нұр Ғасыр» мешітінің имамы Мұғалжар ауданына іс-сапармен барды 210

«Нұр Ғасыр» мешітінің имамы Мұғалжар ауданына іс-сапармен барды

03 қазан 2020 166 Оқу 1 минут

Еліміздегі мешіттердің тұрмыстық жағдайы мен ондағы діни қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсету ҚМДБ-ның басты міндеттерінің бірі.

Осындай мақсатта Мұғалжар ауданына жолға шыққан ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Алмат Амангелдіұлы Мұғалжар аудандық «Нұртай» мешіті мен Ембі қалалық «Нұр» мешітінің тұрмыс-тіршіліктерімен танысып, жылыту маусымына дайындықтары мен тазалықтарына көңіл бөлді. Ембі қалалық мешітіне кішігірім жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін ескеріп, сол істі жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ, аталмыш мешіттің ауласына тұрғызылуы жоспарланған асхананың құрылысымен танысып, ары қарай Мұғалжар ауданы, Жұрын ауылдық мешітіне сапарын жалғастырды. Мешіттің қыс мезгіліне дайындық жұмыстарын пысықтап, жылыту құралдарын тезірек жөндеуден өткізуді тапсырды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі