Ақтөбе: 200 отбасыға 4 тонна көмек берілді 621

Ақтөбе: 200 отбасыға 4 тонна көмек берілді

24 сәуір 2021 146 Оқу 1 минут

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы пандемия кезінде қызыл аймақта болған қалаларда ауызашар дастархандарының орнына мұқтаж жандарға азық-түлік себеттерін үлестіруді ұсынған еді.

Кеше қасиетті жұма күні, Ақтөбе қалалық орталық мешіті берекеге толы Рамазан айының құрметіне орай, Бас мүфти бастамасына Ақтөбе қалалық әкімдігі және қалалық маслихат депутаттары үн қосып, 200 отбасыға қайырымдылық себеттерін таратты.

Аталмыш игі шараға арнайы барған ҚМДБ Ақтөбе облысының Бас имамы Төлеби Оспан алғы сөз сөйлеп, қала әкімі А.Шахаров пен мәслихат депутаттарына және кәсіпкерлерге алғысын жеткізді. Сауаптар еселенетін Рамазан айында жомарттық жасап, мұқтаж жандардың мұңымен бөліскендерге шынайы лебізін білдірді.

Өз кезегінде мешіттің белсенді ерікті жамағаттары азық-түлікке толы қораптарды көп балалы мұқтаж аналардың үйлеріне көліктерімен жеткізіп беріп, баталарын алды.

Жасалған қайырымдылыққа жалпы көлемі 4 миллион теңге жұмсалып, 200 отбасыға 4 тонна азық-түлік таратылды.

Алла Тағала қайырымдылыққа жаны жақын жомарт жандар мен әкімдік қызметтеріне береке берсін деп тілейміз!


Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі