Рамазанның 10 күнінде 2210 насихат айтылды (ФОТО) 4307

Рамазанның 10 күнінде 2210 насихат айтылды (ФОТО)

10 наурыз 2025 24 Оқу 1 минут

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Рамазан айына бекіткен жоспарына сай ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты облыс, қала, аудан, ауыл мешіттерінде Рамазанның 10 күнінде 2210 насихат айтылды.

Күніне 70 мешітте 3 рет бесін алдында, ауызашар кезінде, тарауих намазы алдында өтеді.

Бесін алдында «Құран жауһарлары» дәрістер топтамасы бойынша қасиетті Құран аятына тоқталып, түсіндірмесінен уағыз айтылады.

Сонымен қатар күнделікті ауызашар кезінде насихат ретінде ораза туралы, Қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеті ұлықталады.

Одан өзге намазы алдында сол күні оқылатын Құран Кәрім аяттары аясында уағыздар жүргізіледі.

Ал әйел ұстаздар күнделікті дәрістер мен Құран Хатымнан кейін және ауызашарларда, одан бөлек іс-шараларда Рамазан айы мен ораза туралы уағыздар айтып жүр, Атап айтсақ, әйел ұстаздар алғашқы 10 күнде 110 насихат айтты.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі