Рамазанда қызмет жасаған шәкірттерге құрмет көрсетілді
Ақтөбе қалалық орталық мешітінде Рамазан айы бойы 30 күн қатарынан жамағатқа ауызашар уақытында қызмет еткен шәкірттерге арнайы алғыс көрсетілді.
Атап айтқанда, қасиетті айда мешіт жамағатына ауызашар дастарқанын әзірлеп, ас-суды тасып, дастарқан жайып, мешіт тазалығына үлес қосып, шынайы ықыласпен қызмет еткен шәкірттерге Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Алмат Әли Амангелдіұлының атынан арнайы Алғыс хаттар табысталып, құрмет көрсетілді. Сонымен қатар, олардың құрметіне ақ дастарқан жайылды.
Бұл – Рамазан айында Алла разылығы үшін жасалған шынайы қызмет пен ықыластың жемісі.
Мешіттің көркі мен берекесіне айналған осындай белсенді, иманды, еңбекқор жастар – баршамыз үшін үлкен қуаныш әрі мақтаныш.
Алла Тағала осындай қызмет еткен жігіттерге разы болсын!
Жасаған игі амалдарын қабыл етіп, өмірлеріне береке, дендеріне саулық, жүректеріне иман, болашақтарына нұр берсін.
Елге, дінге, жамағатқа қызмет ететін абыройлы азаматтардың қатарынан болуларын нәсіп етсін!
Осындай сауапты істерге ұйытқы болып жүрген барша жамағатқа да Алла мол сауаптан жазсын!


















































