Дерті асқынған балақайдың еміне ақшалай көмек берілді 453

Дерті асқынған балақайдың еміне ақшалай көмек берілді

10 қаңтар 2021 154 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде «Кең болсаң, кем болмайсың» атты қайырымдылық жобасы іске асуда. ҚМДБ Жастар ісі секторының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілімен бірге жасаған акция аясында 121 мың теңге көлемінде қаражат жиналды.

Түскен қаражатты Хромтау ауданының Бас имамы Ерік Сұлтанов мешітке ақшалай көмек сұрап өтінішін білдірген Жаңалық Дамир ініміздің еміне көмек ретінде анасының қолына табыстап, батасын алды. Алла Тағала арамызда жүрген дерті бар жандарға, бауырларымызға шипасын берсін. Қайырымдылық жасаушылардың істеріне береке беріп, сауаптан жазсын!

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің баспасөз қызметі