"Дәстүр және отбасы" бағытында ерлерге насихат айтылды
Дүйсенбі күні Ақтөбе қалалық орталық мешітінде «Бірлігі жарасқан жамағат» атты рухани шара ұйымдастырылып, қала имамдары мен жергілікті жамағатты бір арнаға тоғыстырды.
Шараны Ақтөбе қаласының Бас имамы Алмат Әли ашып, қатысушыларды игі бастамамен таныстырды. Ауызашар форматында өткен кездесуге шамамен 140–150 адам қатысты.
ҚМДБ-ның 2026 жылғы жұмыс бағыттарының бірі "Дәстүр және отбасы" бағытында ерлерге насихат айтылды. Уағызды облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов жеткізді. Ол ұл-қыз тәрбиесі, ер мен әйелдің бір-бірінің алдындағы міндеттері және отбасыдағы үйлесім туралы маңызды насихат айтты.
Рухани басқосу қатысушыларға бірлік пен татулықты, отбасы мен қоғамдағы жауапкершілікті еске салып, ізгі дәстүрлерімізді дәріптеуге бағытталды.
Алла Тағала алған білімі мен үйренген тәрбиемізді қоғам игілігіне жұмсауды нәсіп етсін!













































