#Рамазан2026: Тікелей эфирде Рамазан айының тағылымы туралы  сұхбат берді 5984

#Рамазан2026: Тікелей эфирде Рамазан айының тағылымы туралы сұхбат берді

25 ақпан 2026 22 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінің бас имамы Еламан Кәрім «Қайырлы таң, Ақтөбе!» бағдарламасына қонақ болып, Рамазан айының рухани мән-маңызы туралы сұхбат берді.

Тікелей эфирде өткен таңғы хабар барысында бас имам Рамазан айының мұсылман қауымы үшін айрықша құлшылық кезеңі екенін айтты. Ораза – тек ішіп-жеуден тыйылу емес, ең алдымен нәпсіні тәрбиелеу, сабыр мен шүкіршілікке баулу, адамгершілік қасиеттерді нығайту мектебі екендігі туралы баяндады.

Бағдарлама Еламан Кәрімнің қасиетті айдың берекесі әр шаңыраққа құт болып қонып, елімізде татулық тұрақтылық нығая берсін деген тілегімен қортындыланды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі