#Рамазан2026: Студенттерге ауызашар берілді 6071

#Рамазан2026: Студенттерге ауызашар берілді

15 наурыз 2026 98 Оқу 1 минут

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты Хромтау аудандық «Нұр» мешіті Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінің жатақханасында студенттерге арнайы ауызашар берілді.

Сауабы мол игі шарада ауданның Бас имамы Марал Иманғали қатысып, студенттерге Рамазан айының рухани маңызы туралы тағылымды туралы айтты.

Сонымен қатар жастарға тәлім-тәрбие беріп, адам бойындағы ізгі қасиеттер — өзара сыйластықты, достық пен бауырмалдықты сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, жат діни ағымдардан сақтандыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Аталған шара студенттерге рухани серпіліс сыйлап, жастарды бірлікке, мейірімділікке және бір-біріне жанашыр болуға үндеді. Ал студенттер ҚМДБ төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен имамдарға алғысын білдірді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі