ЖАНТ мүшесі Шалқарда ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді 2137

ЖАНТ мүшесі Шалқарда ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді

29 қыркүйек 2022 99 Оқу 1 минут

Бүгін Шалқар қаласында өңірдегі діни тұрақтылықты сақтау мақсатында ұйымдастырылған «Көшпелі уағыз-насихат» жобасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары басталды.

Аталған іс-сапар барысында «Қамқорвагон депосы» мекемесінде өткен жиынға облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов пен «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің наиб имамы Асан Жетпісбай қатысып, «Дін мен қоғам арақатынасы» туралы ақпаратттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесуге мекеменің 40 қызметкері қатыстып, дін мамандары қатысушылардың қойған сұрақтарына тұщымды жауап берді.

Сондай-ақ «№7 өрт сөндіру бөлімі» мекемесінде шара ұйымдастырылып, «Матай Қоқанұлы» мешітінің наиб имамы Ерлан Жәдігерұлы мен ЖАНТ мүшесі, «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Берікболұлы 40 қызметкерге бүгінгі таңдағы дін мен қоғамның орны туралы баяндап өтті.

Одан өзге аудандық Матай Қоқанұлы мешітінде құптан намазының алдында Нұрбол Смағұлов «Аршының көлеңкесіне саялайтын жеті түрлі адам» тақырыбында жамағатқа уағыз айтты.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі