Дәстүр мен сүннетке негізделген садақ жарысы өтті 3226

Дәстүр мен сүннетке негізделген садақ жарысы өтті

01 наурыз 2024 239 Оқу 1 минут

ҚМДБ бекіткен биылғы «Ислам және Дәстүр құндылығы» жылы аясында Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұйымдастыруымен қала мешіттерінің жамағаттары арасында садақ атудан жарыс өтті. Жарыстың негізгі мақсаты- ұлттық құндылықтарымызды қоғамда барынша дәріптеп әрі оның маңызын көпшілікке ұғындыру. Сондай-ақ, жамағаттың ауызбіршілігін арттырып, ынтымағын нығайту.

Сайыс алдында Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы : «Садақ ату-ұлтымызда аса дәріптелген әрі ерекше мән берген спорт түрі. Ол адамды мергендікке үйретумен қатар, лезде дұрыс,нақты шешім қабылдауға, ой мен істің бір жерде тоғысуына тәрбиелейді. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) да өз хадис-шәрифтерінің бірінде :«Балаларыңа атқа мінуді, жүзуді және садақ атуды үйретіңдер,»-деп , садақтың маңыздылығын ұқтырған,»-деп атап өтті.

Аталмыш жарысқа 10 қала мешіттерінен 4 адамнан қатысып,бақ сынады. Сондай-ақ,

Жаңаөзен дәстүрлі садақ ату федерациясының жетекшісі Асланбек Ұлықпанов қатысушыларға садақ атудың қыр-сырлары мен тәртібі және ережесін үйретіп, көрсетті.

Тартысты сайыс нәтижесінде Әс-Сәләм мешітінің жамағаты Жомарт Бақбергенов жүлделі І орынға ие болса, ІІ орын Хазіреті Біләл мешітінің бас имамы Нұрлыбек Такеевке, ал

ІІІ орын Әл-Ләтиф мешітінің атынан шыққан Жаулыбай Ешниязовқа бұйырды.

Осындай ұлттық дүниелерімізді насихаттайтын игі бастамаға қолдау білдіріп, көмек көрсеткен “Адырна” садақ ату клубының жетекшілері

Қалыбек Бекбағанбетов, Асқар Мұхамбетов мырзаларға және

Ұлттық спорт түрлерінен ОМБЖСМ директор орынбасары

Ерлан Рыскелдіұлына ерекше алғыс білдереміз! Алла тағала ел игілігі үшін жасап жатқан істеріне береке берсін!


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі