Шалқар ауданында «Дәстүр және отбасы» бағыты аясында имамдарға жиын өтті
Шараға Ақтөбе қаласы «Бақытжан» мешітінің Бас имамы, ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша «Дәстүр және отбасы» бағытының жауапты маманы Еламан Кәрім арнайы қатысып, Шалқар ауданының имам-ұстаздарына «Дәстүрдің діндегі рөлі» тақырыбын кеңінен түсіндіріп, «Дін мен дәстүр» кітаптарын таныстырды.
Игі басқосуда сөз алған «Дәстүр және отбасы» бағытының жауапты маманы Еламан Кәрім : «Өздеріңіз жақсы білесіздер, қазір әлем елдері өзінің салт-дәстүрін, діні мен ділін, мәдениеті мен әдет-ғұрпын қайта жаңғыртуға күш салуда. Өйткені жаһандану заманында халықтың дәстүрлі құндылықтарын сақтап қалу маңызды мәселеге айналуды. Осы орайда алдарыңыздағы еңбектерге назар салсаңыздар, асыл дініміз Ислам мен ғасырлар бойы халқымыздың тұрмыстық ғұрпында қалыптасқан салт-дәстүрлеріміздің сабақтастығына көз жеткізесіздер. Өзіміз осы еңбекті ұдайы қайталап және жамағатқа осы бағыт аясында терең білім беру керекпіз» деп атап өтті.
Айта кетсек, еңбекте халқымызда қалыптасқан тыйымдар мен дәстүрлердің діни негізі сараланған. Кітап дін саласы мен халқымыздың салт-дәстүрлерін зерттеуші мамандарға, мәдениеттанушыларға, сондай-ақ жалпы оқырман қауымға арналады.
Одан өзге, Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбеков жиында сөз алып, 2026 жылы «Дәстүр және отбасы» бағыты аясында өткізген шаралар мен олардың қорытындыларына тоқталып өтті.
Шара соңында имамдар жауапты маманға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.







































