Қайырқожа мешітіне кілем табысталды 5858

Қайырқожа мешітіне кілем табысталды

26 қаңтар 2026 49 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы Қайырқожа мешітінде қасиетті жұма қарсаңында “Кілем” табысталды.

Қазіргі таңда мешітімізде қызметтік баспана құрылысы жүріп жатқаны баршаңызға мәлім. Осыған орай Бас имам Шыңғыс Ғалымжанұлының ұйытқысымен және жанашыр ағаларымыздың қолдауымен қасиетті Жұма күні қайырымдылық игі іс жүзеге асты.

Аталған қызметтік баспананың 5 бөлмесіне 5 кілем сыйға тартылды. Бұл — мешітіміз үшін үлкен көмек әрі зор қолдау.

Осы игі істің жүзеге асуына үлес қосқан аға-бауырларымызға, барша жанашыр жандарға шынайы алғысымызды білдіреміз.

Алла тағала істеріңізге береке берсін! Алланың үйіне қосқан үлестеріңіз бен көрсеткен жәрдемдеріңіз үшін Алла разы болсын!