#Рамазан2026: Жастар арасында  білім сайысы ұйымдастырылды 6072

#Рамазан2026: Жастар арасында білім сайысы ұйымдастырылды

15 наурыз 2026 21 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес «Қабақ баба» мешітінде жастар арасында білім сайысы өтті. 

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың Құранға деген сүйіспеншілігін арттыру, «Бақара» сүресінің мазмұны мен мағынасын тереңірек меңгеруге ынталандыру болды. Сайыс тест тапсыру ақылы өтті. Тест барысында қатысушылар сүре аяттарының мазмұны, мағыналық түсіндірмелері, үкімдері мен ғибраттары бойынша білімдерін сынға салды.

«Осындай рухани-танымдық шаралар жастардың діни сауатын арттырып қана қоймай, олардың Құран іліміне деген қызығушылығын оятып, имандылыққа тәрбиелеуде үлкен маңызға ие» деді ұйымдастырушылар.

Жарыс барысында қатысушылар белсенділік танытты. Шара қортындысында үздік нәтиже көрсеткендерге арнайы сыйлықтар табысталып, барша қатысушыларға алғыс білдірілді. Мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі