#Рамазан2026: «Рамазан айының рухани мәні» тақырыбында оқушылармен кездесу өтті 6021

#Рамазан2026: «Рамазан айының рухани мәні» тақырыбында оқушылармен кездесу өтті

04 наурыз 2026 59 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес Шалқар ауданының Бас имамы «Рамазан айының рухани мәні» тақырыбында оқушылармен кездесу өтті.

Шалқар аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Заң және тәртіп – қауіпсіз балалық шақ кепілі» шарасында Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбеков мекеме қызметкерлері мен оқушыларға қасиетті Рамазан айының рухани мәні, көркем мінездің қоғамдағы орны туралы кеңінен баяндады.

Сондай-ақ жиын барысында жасөспірімдерді құқықбұзушылықтан сақтау, әлеуметтік желідегі қауіпсіздік, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету және қоғамда жауапкершілікпен өмір сүру мәселелері қозғалды.

Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі