Хромтау: Мешіт көркі – жамағат 1406

Хромтау: Мешіт көркі – жамағат

15 наурыз 2022 83 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің бас имамы Ерік Қонақбайұлының бастамасымен «Мешіт көркі – жамағат» атты айлық отырыс ұйымдастырылып, мешіт жамағатына арнайы дастархан жайылды.

Басқосу барысында 40-тан астам жамағатқа Бас имам «Бауырмалдық» тақырыбында уағыз-насихат айтты. Сонымен қатар шарада Рамазан айына байланысты сұрақ-жауаптар ұйымдастырылып, белсенді қатысушыларға сыйлықтар табыс етілді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі