#Рамазан2026: «Пайғамбарымыздың оразасы» тақырыбында уағыз-насихат өтті
Ақтөбе қалалық орталық мешітінде Ақтөбе әйел жамағатына арналған «Пайғамбарымыздың оразасы» тақырыбында уағыз-насихат өтті.
Ақтөбе қалалық орталық мешіті мен «Ихсан» орталығының ұйымдастыруымен әйел жамағатына арналған «Пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) оразасы» атты уағыз-насихат кеші өтті.
Тағылымды кездесуге қаладағы мешіт жамағатынан 80-ге жуық әйел қатысып, Рамазан айының рухани маңызы мен Пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) ораза ұстаудағы өнегелі амалдары жөнінде кеңінен мағлұмат алды.
Шара барысында «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы, РАТТ мүшесі Әйгерім Қалқаева жамағатқа Пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) ораза ұстаудағы сүннет амалдары, Рамазан айының рухани тәрбиелік мәні және мұсылманның құлшылықтағы ықыласы туралы кеңінен насихат айтты.
Сонымен қатар, кездесуде жамағат тарапынан қойылған түрлі сұрақтарға жауап беріліп, Құран аяттарының мағынасын тереңірек түсіну, бала тәрбиесі және отбасындағы өзара сыйластық пен қарым-қатынас мәдениеті секілді маңызды тақырыптар қозғалды. Тағылымды кездесу жамағаттың ризашылығына ие болып, рухани әсерлі жағдайда өтті.









































