Қобда: Облыстың Бас имамы тарихи музейде болды 3649

Қобда: Облыстың Бас имамы тарихи музейде болды

13 қыркүйек 2024 250 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев Қобда ауданына арнайы барған жұмыс сапарында Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің Қобда бөліміне барып, тарихқа көз жүгіртіп, атадан балаға мирас болып келе жатқан көне мұраларды тану үшін музейде саяхат жасады. 

«Музей – халық қазынасын сақтап қана қоймай, насихаттап, өткен ғасырлар мен бүгінгі күннің арасын жалғап, жас ұрпақтың өз тамырынан ажырап қалмауына қызмет ететіні ақиқат. Осы тұрғыдан дін де мәдениет пен өнерге көп көңіл бөліп, тәрбие құралы»- деп Облыстың бас имамы атап өтті.

Кездесу қортындысында шараға қатысушылар ұйымдастырушылар мен бас имамға ризашылығын білдіріп, ізігілікті насихаттайтын шаралар жалғасын тапса деген ұсынысын білдірді.

Сонымен қатар тарихи жәдіргерлермен жіті және музей жұмысымен танысты.

Айта кетсек, Қобда — қойнауына құт қонған киелі өңір. Қарақыпшақ Қобыландының мемориалды кешені, Абат батырдың жаны мәңгілік тыныш тапқан Абат-Байтақ қорымы, Исатай Тайманұлының кесенесі — осы өңірдің тарихи жәдігерлері.

Қобда жері әйгілі батыр бабаларының даңқын Екінші дүниежүзілік соғысы жылдарында да лайықты түрде жалғастырды. Қобдалықтар Әлия Молдағұлова есімін мақтан етеді.



Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі