Қауылжыр ауылының діни ахуалымен танысты 3811

Қауылжыр ауылының діни ахуалымен танысты

10 қазан 2024 409 Оқу 1 минут

Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбеков Қауылжыр ауылының жамағатымен кездесу өткізіп, діни ахуалмен танысты. 

Шалқар ауданына қарасты Қауылжыр ауылына атбасын бұрған ауданның Бас имамы әуелі жергілікті мешітке барып, жамағатқа «Пәтуаны әркімнен алмау» тақырыбында кездесу өтті.

«Сахаба Ибн Масғұд (р.а.): «Бір мәселе төңірегінде сұрақ қойып жатса, Алланың кітабына қараңдар. Егер жауабын Алла кітабынан таба алмасаңыздар Алла елшісі (с.ғ.с.) сүннетінің ішінде басым мұсылмандар бірауыздан құптаған хадиске зер салыңыздар. Ал, егер мұсылмандар бірауыздан келіскені болмаса, ижтиһад ет», - деп нұсқаулық берген. Ұлық ғұлама сахаба Ибн Масғұдтың бұл сөзінде хадиске арнайы талап қойып тұр. Мұсылмандардың бірауыздан құптағаны дегені жай қарапайым мұсылмандар емес, бұл жерде ғұламалар меңзелуде. Демек, туындаған мәселе төңірегінде бірнеше хадистің болуы заңдылық. Міне, осындай жағдайда хадистер мен риуаяттарды талдауда хадиске қатысты қағидаларды жетік білетін ғалымдардың бағыт-бағдарына мұқтаждық бар» деп, пәтуаны кез-келген адамнан алуға болмайтынын атап өтті Абзал Медетбеков.

Сонымен қатар, мешіт жамағатына «Пәтуалар жинағы» кітабынан құмар және лоторея ойындарының үкімі таныстырылды.

Одан өзге, мешіт жамағатымен дастархан басында басқосу өтті. Жиналған көпшілікке «Рия араласпаған амал» тақырыбында насихат айтып, жамағаттың сұрақтарына жауап берді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспаасөз қызметі