Ақтөбе: «Munara tv» телеарнасының филиалы ашылды 1419

Ақтөбе: «Munara tv» телеарнасының филиалы ашылды

18 наурыз 2022 114 Оқу 1 минут

Бүгін облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «MUNARA TV» телеарнасының осы өңірдегі филиалының ашылу рәсіміне қатысты.

«Өздеріңізге белгілі, мүфтияттың төл телеарнасы «MUNARA TV» арнасы бүгінде халыққа рухани телеөнімдерді ұсынып, ғибратты бағдарламаларды көрсетуде. Төл телеарнамыздың жұмыс ауқымын ұлғайту мақсатында Ақтөбе қаласынан филиалын ашып отырмыз. Бұл бөлімшеде әзірленген тележобалар халқымыздың рухани өміріне оң ықпал етеді деген сенімдемін»,- деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфти студия жұмысымен танысып, ұжым қызметіне сәттілік тіледі. Сонымен қатар БАҚ өкілдеріне «MUNARA TV» телеарнасы туралы сұхбат берді.

Айта кетсек, «Munara tv» телеарнасының ақтөбедегі бөлімінде апта сайын «Көкірек көзі ашылса», «Жұмадағы жүздесу», «Құран тыңдайық» бағдарламалары көрерменге жол тартады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі