«BIZDIN ET» ЕТ ДҮКЕНІ МЕН «СЫҒАНАҚ» ЖАРТЫЛАЙ ДАЙЫН ӨНІМДЕРІНЕ «ХАЛАЛ ДАМУ» КУӘЛІГІ ТАБЫСТАЛДЫ
АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА «BIZDIN ET» ЕТ ДҮКЕНІ МЕН «СЫҒАНАҚ» ЖАРТЫЛАЙ ДАЙЫН ӨНІМДЕРІНЕ «ХАЛАЛ ДАМУ» КУӘЛІГІ ТАБЫСТАЛДЫ
Ақтөбе қаласында орналасқан «Bizdin et» ет дүкені мен «Сығанақ» жартылай дайын өнімдеріне «QMDB Halal» стандартына сәйкес халал куәлігі табысталды.
Кәсіпорындарға жүргізілген тексеріс барысында өнімдердің дайындалу үдерісі, қолданылатын шикізаттың халалдығы, сақтау талаптары және өндірістік тазалық нормалары жан-жақты қарастырылды. Аудит қорытындысы бойынша аталған нысандар халал талаптарына толық сай деп танылып, арнайы халал сертификаты берілді.
Куәліктер Ақтөбе қалалық орталық мешітінде жұма намазы кезінде жамағат алдында салтанатты түрде табысталды. Куәлікті қала бас имамы Алмат Әли кәсіп иелеріне табыстап, адал әрі сапалы өнім ұсыну ісіне сәттілік тіледі.
Аталған жұмыстар тұтынушыларға адал әрі сапалы өнім ұсыну мақсатында Халал Даму мекемесі тарапынан тұрақты түрде жүргізілуде.







































