#Рамазан2026: Облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Бас имам» сағаты ұйымдастырылды 6098

#Рамазан2026: Облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Бас имам» сағаты ұйымдастырылды

18 наурыз 2026 30 Оқу 1 минут

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Бас имам» сағаты ұйымдастырылды.

Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев «Бас имам сағатында» жамағатпен жүздесіп, жамағат пен имам, шәкірт пен ұстаз, дінге қызмет, бірлік – қазына тақырыптарында уағыз-насихат айтты.

Өкілдікте «Бас имам сағаты» Рамазан айы басынан бері өткізіліп келе жатыр.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі