Ақтөбе: ҚМДБ Halal сертификатын алған кәсіпорындар
Ақтөбе қаласында жаңадан «Миндаль» кондитерлік өнімдері мен жартылай дайын өнімдері сертификатталды және «Samal cakes», «Balgyn tort» кондитерлік өнімдері, «Jungle park» қоғамдық тамақтану орны сертификатты қайтта жаңартты.
Аталған кәсіпорындар сертификатталғанға дейін технолог Ақмаржан Ержанқызы толық тексеру жұмыстарын жүргізіп, стандартқа сай екенің анықтады.
«Халал Дамудың» мекемесінің жергілікті өкілі, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Алмат Әли жұма намазына жиналған жамағат алдында кәсіпкерлерге «QMDB Halal» сертификатын табыстады.
Айта кетсек, Ақтөбе қаласында халал саласындағы стратегиялық бағдарламаларды сапалы жүзеге асырудың нәтижесінде өңірімізде халал кәсіпорындар саны артуда.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі