Имамдар Есет батыр Көтібарұлы кесенесіне зиярат жасады 912

Имамдар Есет батыр Көтібарұлы кесенесіне зиярат жасады

08 мамыр 2023 252 Оқу 1 минут

Шалқар ауданына қарасты қала, аудан мешіттерінің имамдары «Зират және зиярат» жобасы аясында қазақ халқының әйгілі батырларының бірі, Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы Есет батыр Көтібарұлы кесенесін зиярат етті.

Одан өзге көрнекті діни қайраткері «Жанаман ахун Сейітімұлы» кесенесін зиярат етіп, аталған ұлы тұлғалардың рухына Құран бағышталып, ер атына тағзым жасалды.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі