#Оразаайт: 50 балаға «Рамазан тәттілері» таратылды
Шалқар ауданында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен жоспарға сәйкес Ораза айт мерекесінде балаларға қуаныш сыйлау мақсатында «Рамазан тәттілері» таратылды.
Нәтижесінде қала тұрғындары мен балаларға түрлі тәттілер салынған 50 қоржын үлестірілді.
Шара барысында Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбеков бастаған имамдар балаларды Ораза айт мерекесімен құттықтап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Тұрғындар имамдар мен ұстаздарға алғысын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі












































