Әжелер мен келіндер арасында сайыс өтті 3876

Әжелер мен келіндер арасында сайыс өтті

28 қазан 2024 137 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубайдың ұйымдастыруымен «Жақсы келін – ырысым» тақырыбында әжелер мен келіндер арасында жарыс өтті.

Шалқар қайырымдылық мекемесінде өткен жарыста ұстаз Жұлдыз Тлеубай «Ислам және әйел» тақырыбында сөз өрбітіп, әйел адамның Исламдағы, отбасындағы дәрежелері туралы баяндады. Содан кейін жарыс ережелерін түсіндіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыс 5 кезеңнен тұрды: 1 кезең - таныстыру, 2 кезең – өз өнері, 3 кезең – сұрақ – жауап, 4 кезең – плакат қорғау, 5 кезең – ас мәзірі; 6 кезең – қол өнері;

Белсенді әйел жамағаты 2 топқа бөлініп, аталған кезеңдер бойынша сынға түсті. Нәтижесінде «Білімді әже», «Өнерлі әже», «Инабатты келін», «Ең үздік аспазшы келін», «Дәстүрлі келін», «Сымбатты әже» номинациялары анықталып, топтық жарыс бойынша қорытынды жасалынып, арнайы сертификаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

Сондай – ақ, шара соңында жамағат ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, жылы лебіздерін білдірді.