Шалқар: «Имани жаз –2023»  лагердің 1-ші легі аяқталды 2832

Шалқар: «Имани жаз –2023» лагердің 1-ші легі аяқталды

15 шілде 2023 558 Оқу 1 минут

Шалқар ауданына қарасты «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешіті жанынан ашылған қайырымдылық мекемесінде (медреседе) «Имани жаз – 2023» қыз балаларға арналған сауат ашу курсы негізінде өтіп жатқан жазғы лагердің 1-ші легі аяқталды. 

Ауданның бас имамы Абзал Медетбековтың ұйытқы болуымен өтіп жатқан жазғы лагерде шәкірттерге Құран әліппесі үйретіліп, Құран сүрелері жаттатылды. Сонымен қатар жазғы сауат ашу курсы барысында әр түрлі дұғалар, хадистер, Алланың көркем есімдері, иман шарттары, исламның шарттары туралы мол мағлұмат алды. Одан бөлек аудандық мұражайға барып, қазақ жерінен шыққан ұлы тұлғалардың өмір баяны, құнды жәдігерлер туралы мәлімет алды.

Мектеп жасындағы қыз балалар жаздық сауат ашу курсының 1-ші легін аяқтады.

Салтанатты шараға Шалқар қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің имамы Жамбыл Тлеубай үздік болған шәкірттерді марапаттап, сыйлықтар үлестірді.

Мерекелік шарада «Ана және бала махаббаты» тақырыбында ролик көрсетіліп, балалар аналарына сыйлықтарын табыстады. Ал «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубай аналарға діни сұрақтар қойып, мақал-мәтелден жарыс өткізді.

Шара қорытындысында қатысушыларға «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің ақсақалдар алқасының мүшесі Бекділда Әжіғалиев батасын беріп, ата-аналарына ризашылығын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі