#Рамазан2026: Балаларға ерекше қуаныш сыйлады 6091

#Рамазан2026: Балаларға ерекше қуаныш сыйлады

18 наурыз 2026 56 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласындағы «Қайырқожа» мешіті «Рамазан тәттілерін» бауырластар елді мекенінде орналасқан «Аян» балабақшасында 56 бүлдіршінге табыстады. 

Ұрпақ тәрбиесіне үлес қосып жүрген ұстаздар мен тәрбиешілер де назардан тыс қалмай, оларға құрмет көрсетілді. Қасиетті Рамазан айының құрметіне арнайы дайындалған торт ұсынылды.

Сонымен қатар Айт мерекесіне орай мешіт шәкірттері мен сауат ашу курсының оқушыларына сый-сияпаттар жасалды. Тәттілермен қатар арнайы дайындалған Рамазан бәліші балаларға ерекше қуаныш сыйлады.

«Шараның негізгі мақсаты – ұлттық дәстүр мен рухани құндылықтарды дәріптеп, балаларға Рамазан айының берекесі мен мейірімін сезіндіру» деді имамдар.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі