РАНТ мүшесі Алматы облысына арнайы іс-сапармен барды 3124

РАНТ мүшесі Алматы облысына арнайы іс-сапармен барды

25 қараша 2023 1764 Оқу 1 минут

РАНТ мүшесі, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы Алматы облысы, Қарасай, Жамбыл аудандарындарына арнайы екі күндік іс-сапармен барды.

Арнайы сапардың негізгі мақсаты – аудан көлеміндегі мешіт жамағаты мен ауыл тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру және ізгі қоғам қалыптарстыру.

Іс-сапардың алғашқы күні Қарасай ауданында басталды. С.Жандосов колледжінде «Зиянды істерден аулақ болу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жүргізіліп, жастардың тәрбиесі мен ізгі қоғам қалыптастыруда олардың маңызы турасында айтылды. Ал Нұрлыбек Күзенбаев Үшқоңыр медресе колледжінда «Білім алудың пайдасы» туралы шәкірттермен ой бөлісіп, сұхбаттасты.

Сондай-ақ «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында «Жат ағым жарға жығады» тақырып аясында қазіргі таңдағы деструктивті ағымдардың идеологиялық зардаптары мен қауіптілігі жайлы кеңінен тоқталып өтті. Одан өзге Қарасай аудандық «Түркістан - 1» мешіт жамағатымен кездесіп, «Бидғат» тақырыбында насихат айтты.

Іс-сапардың екінші күні Жамбыл ауданында жалғасты. РАНТ мүшесі «Бауыржан Момышұлы атындағы полк» МЧС мекемесінде «Суицид жасау», оның жастар арасында кеңінен етек алу себептері сөз болып, «Елді қорғау – барша мұсылманның міндеті» жайлы да баяндады.

Жамбыл ауылы, «Жамбыл Жабаев» атындағы музейіне барып, өлкенің тарихы және жәдігерлермен танысып, Нұрғиса Тілендиев және Жамбыл Жабаев аталарымыздың рухына Құран бағыштап, дұға жасады.

Сонымен қатар, «Жамбыл аудандық ауруханасы» КММ қызметкерлерімен кездесіп «Дін – ғылымның атасы» туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Айта кетсек, РАНТ мүшесі аталған ақпараттық түсіндіру сапарында жалпы саны 1130 адам қамтылды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі