Ақтөбе: «Рамазанда бір тал ек» акциясы жүзеге асты 2666

Ақтөбе: «Рамазанда бір тал ек» акциясы жүзеге асты

21 сәуір 2023 379 Оқу 1 минут

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен өңірлерде қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау мақсатында «Рамазанда бір тал ек» акциясы басталған болатын. Осыған орай ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде ағаштар отырғызылды.

Облыстық «Нұр Ғасыр» мешіт ауласында аталған мешіт қызметкерлері терек, алма, шие, өрік көшеттерін екті.

Сонымен қатар Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлының бастамасымен және мешіт ұжымы лицей-интернат ауласына он түп алма және алмұрт ағашын отырғызды.

«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген халқымыз, ағаш егудің мол сауапты іс екендігін ұрпағына дәріптеген. Сондай-ақ ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Қандай да бір мұсылман ағаш егіп не егін ексе, одан адамдар, құрт-құмырсқа мен құстар жеп азықтанса, міндетті түрде өзіне сауап ретінде кері қайтады»,-деген. Ендеше, осындай келешек ұрпаққа үлгі боларлық істі насихаттау әр мұсылманның міндеті.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі