Ақтөбе: РАНТ мүшесі студенттермен кездесті 3119

Ақтөбе: РАНТ мүшесі студенттермен кездесті

24 қараша 2023 2095 Оқу 1 минут

Бүгін ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Смайыл Сейтбеков Ақтөбе облысына арнайы келген іс-сапарында Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің студенттерімен кездесті. 

Басқосуға аталған ЖОО-ның президенті, ҚМДБ Ақсқалдар кеңесінің мүшесі Бекежан қажы Аханұлы, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Алмат Әли, аталған оқу орнының ұстаздары мен студенттері т.б қатысты.

Болашақ медицина мамандарымен «Дін мен дәстүр – тәрбие негізі» атты тақырыпта өткен кездесуде ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі ата-баба дәстүрінің ұрпаққа өнеге екені, жастық кезеңнің маңыздылығы туралы сөз қозғап, жастарды жақсылап білім алып, еліміздің дамуы мен өркендеуіне қызмет етуге шақырды.

Сонымен қатар түрлі жат ағымдардың жетегінде кетпеудің бірден-бір жолы ретінде діни ақпараттарды дін қызметкерлерінен алудың маңыздылығына тоқталды.

Одан өзге қазақ даласының Ислам дінінің келуі, Әл-Фараби бабамыздың еңбегі туралы баяндады. Ал қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі туралы айта келіп, зиянды істерден ада болу туралы түсіндірді.

Кездесу қортындысында РАНТ мүшесі нәпсіні тәрбиелеудің жолдарын баяндап, дін тақырыбында қойылған студенттердің сұрақтарына толыққанды тұщымды жауап берді.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі