«Рамазан сыйы» шарасы ұйымдастырылды 1503

«Рамазан сыйы» шарасы ұйымдастырылды

08 сәуір 2022 39 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Рамазан сыйы» атты іс-шарасы өтті. 

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлының ұйытқы болуымен жүзеге асқан іс-шараға мешіттің наиб имамдары мен ұстаздары атсалысты.

Шара барысында көше бойындағы жұмысшылар мен сауда орталықтарындағы ораза ұстаушы жандарға ауызашар құрмасы мен су таратылды. Аталған іс-шара аясында құрам және су салынған 50 дана пакет үлестірілді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі