РАНТ мүшесі облыстық мешітте насихат айтты
ҚМДБ-ның жылдық жоспарына сай Бас мүфтидің кеңесшісі, ҚМДБ Стратегиялық талдау және даму бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Смайыл Сейтбеков Ақтөбе облысына арнайы іс сапармен келді.
Сапар барысында облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде жамағатпен жүздесті. Сонымен қатар РАНТ мүшесі құптан намазының алдында жамағатқа «Мұнафықтардың белгісі» тақырыбында насихат айтты.
«Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мына хадисімен мұнафықтардың бойынан табылатын басты ерекшеліктерін былайша атап көрсетеді: «Мұнафықтың белгісі үшеу: сөйлеген кезде өтірік айтады, уәде берген кезде сөзінде тұрмайды және аманатқа қиянат жасайды» деп мұнафық мұсылман ортасында мұсылман сияқты әрекет етіп, кәпірлердің ортасына барғанда күпірлігін жалғастыра береді. Олардың мақсаты сырт көзге мұсылман көрініп, мұсылмандарды іштей ыдырату, алауыздық тудыру, бүлік шығару екенін айтты Бас мүфти кеңесшісі.
Айта кетсек, Смайыл Сейтбеков ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен Ақтөбе облысының қала, аудан мешіттерінің имам-ұстаздарының білімін жетілдіру мақсатында өткен «Ислам тарихы» тақырыбында екі күн семинар-курсты жүргізді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі







































