Облыстың Бас имамы «Ойтүркі» ток-шоуында қонақ болды 2897

Облыстың Бас имамы «Ойтүркі» ток-шоуында қонақ болды

31 тамыз 2023 276 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы «Aqtobe» телеарнасындағы «Ойтүрткі» ток-шоуында қонақ болып, білім күні қарсаңында әйел адамның білім алу мәселесі т.с.с туралы сұхбат берді.

«Балиғат жасына жеткен қыз балаға орамал тағудың парыз екеніне дау жоқ. Бірақ, біз білім алудың да әрбір мұсылман баласына жеке парыз екенін ұмытпауымыз керек. Бұл туралы ардақты Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болғай): «Білім алу әрбір мұсылман ер кісіге де, әйелге де парыз»,– деп білім ізденудің әйелдерге де тиісті екенін айтқан.

Сондықтан да, дінімізде мұсылман ер кісі мен әйелге білім алу – міндет. Ал мектеп жасындағы балаға имандылыққа баулып, білім үйрету – әрбір адамның азаматтық әрі мұсылмандық борышы. Діни һәм зайырлы білім алу – жарқын болашақтың кілті.

Алла Тағала күллі адамзат баласына иманды болуды әрі білім алуды әмір еткен. Құран Кәрімнің ең алғаш түскен аятының өзі «Оқы!», деген бұйрықпен басталуы ерекше назар аударарлық...», -деді Серікжан Еншібайұлы.

Сонымен қатар бағдарламаға бас имамнан өзге ардагер ұстаздар, философ, ата-аналар, білім саласының мамандары мен «Бақытжан» мешітінің ұстазы Анар Қойшығұлова қатысты.

Одан өзге бағдарлама барысында ұстаз Анар Қойшығұлова мешіттегі дін мен дәстүр аясындағы дәрістер, іс-шаралар туралы баяндап өтті.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі